СҚО-да Қызылжар ауданы әкімдігінің бұрынғы бөлім басшысы сотталды

Авторы: Әділет БАҒЛАНҰЛЫ

Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімінің экс-басшысы мен оның сыбайластарына қатысты қылмыстық іске нүкте қойылды. Олар бюджет қаржысын талан-таражға салып, ай сайын қомақты сыйақы алып отырған, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Қызылжар ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімінің экс-басшысы мен басқа да мемлекеттік қызметшілерге қатысты қылмыстық істі Петропавл қалалық соты қарады. Қылмыстық топ бюджетке 60 млн. теңгеден астам шығын келтірген. Олар бөлімдегі әр қызметкерге ай сайын 500 мың теңге шамасында сыйақы тағайындап, кейін оны өздері алып отырған. Негізсіз қаржыландыру көлемін ұлғайтып, ал «үнемдеуден» түскен қаржыны «сыйақыға» жберген.

-2021 жылғы 13 ақпанда бұрынғы бөлім басшысы лауазымды тұлға бола тұра, шарттар жасасқаны үшін, сондай-ақ осы қызметтерді көрсету актілеріне кедергісіз қол қойғаны үшін кәсіпкерден дан 1,5 млн теңге көлемінде пара алған. 2021 жылғы ақпаннан 15 наурызға дейінгі кезеңде орындалмаған жұмысқа осы қызметтердің көрсетілгені туралы актілерге қол қойған. Жеке кәсіпкер нақты жұмыстарды орындамаса да, оған бөлім басшысы төлем ретінде 2 млн. теңге аударған. Оның 1 690 000 теңгесін өз қалтасына басқан. Сотталушылардың кінәсі жәбірленушілердің айғақтарымен, куәгерлермен, жазбаша дәйектермен дәлелденді», — делінген Петропавл қалалық соты баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Сот бөлімнің экс-басшысын 4 жылға соттады. Ал оның сыбайластары 3 және 2,5 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұрынғы есепшінің жас баласы болуына байланысты жаза 5 жылға кейінге шегерілді. Ал кәсіпкердің кінәсін мойындап, өкініш білдіргені және бұрын сотталмағандығы ескеріліп, 19 млн. 900 мың теңге мөлшерінде айыппұл салынды.

Pixels иллюстрациялық суреті

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —  

Жарасбай Сүлейменов

Сайттың бас редакторы  —

Сағындық Мауғазин

+77752847188, srakhymzhan@internet.ru

Тілшілер:

Мадина Нуркина, +77057396494,  Nurkinamad@mail.ru

Алтынай Қазиқан, +77058316306, altynkazikanova@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz