СҚО-да қостанайлықтарға көмек жинайтын 14 пункт жұмыс істеуде

Авторы: Әділет БАҒЛАНҰЛЫ

Солтүстік Қазақстан облысында өрттен зардап шеккен қостанайлықтарға көмек көрсету үшін барлық аудан орталықтарында және Петропавлда арнайы орындар ашылды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

«AMANAT» партиясы СҚО филиалы баспасөз қызметінің мәліметінше, гуманитарлық көмекті қабылдау пунктілері партияның барлық филиалдарында бүгін таңертең ашылды.

-Қостанай облысында болған өрттен зардап шеккендер үшін тұрғындар гигиеналық заттарды, көрпе-жастық, киім-кешек және ұзақ уақыт бүлінбей сақталатын азық-түлік – ұн, макарон өнімдерін, шай, тұз, күріш, тағы басқа тағамдарды тапсырып жатыр. Заттарды «Жастар Рухы» жастар қанатының волонтерлері қабылдайды.

— Гуманитарлық көмек жинау жөніндегі жедел штабтар барлық өңірлерде құрылды. Пункттер таңғы 8-ден бастап жұмыс істейді. Депутаттар, қоғам белсенділері, партияластар көмектеседі. Бүгін-ертең жүкті Қостанай облысына жіберуді жоспарлап отырмыз», — дейді «Жастар Рухы» ЖҚ СҚОФ төрағасы Біржан Құдайбергенов.

Көрші өңір тұрғындарына көмек көрсету туралы үндеуге жауап бергендердің арасында – Петропавл қаласының тұрғыны Қайыржан Айсин де бар. Ол мұндай сәтте кінәлілерді іздеудің қажеті жоқ деп санайды. Ең бастысы – жедел қолдау көрсету.

-Мен нақты іспен көмектескім келді. Өзімді бір мезетте үйсіз-күйсіз қалғандардың орнына қойсам, денем түршігеді. Осындай уақытта қазақстандықтар бірлік танытулары керек. Баршаңызды көмек көрсетуге шақырамын, — дейді ол.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —  

Жарасбай Сүлейменов

Сайттың бас редакторы  —

Сағындық Мауғазин

+77752847188, srakhymzhan@internet.ru

Тілшілер:

Мадина Нуркина, +77057396494,  Nurkinamad@mail.ru

Алтынай Қазиқан, +77058316306, altynkazikanova@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz