Петропавлда Ұлттық ұлан академиясының курсанттары Отанға адал болуға ант берді

Авторы: Qyzyljar News

Петропавл қаласының орталық алаңында 1 курс курсанттарының әскери ант қабылдау рәсімі өтті. Академияға түскен 175 болашақ офицер Отанға адал болуға салтанатты түрде ант берді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Курсанттарды әскери ант қабылдауға арналған салтанатты іс-шараға өңірдің күш құрылымдарының бірінші басшылары, ардагерлер, болашақ офицерлердің ата-аналары мен туыстары қатысты.

-Курсант мырзалар, әрқашан естеріңізде болсын, сіздер Ұлттық ұлан академиясында білім ала отырып, біздің мемлекетіміздің қорғаушысы болып табыласыздар. Сіздердің әрқайсыларыңыздың лайықты білім алып, кейіннен алған дағдыларыңызды іс жүзінде жүзеге асырып, мемлекетіміздің қорғаныс қабілетін нығайтуға зор үлес қосатындарыңызға сенім білдіремін,- деді Ұлттық ұлан академиясының бастығы полковник Артур Токушев өзінің құттықтау сөзінде.

Қазіргі уақытта Академия базасында жеті мамандық бойынша офицерлерді даярлау жүзеге асырылуда. Курсанттарды оқыту сегіз кафедрада жүргізіледі. Академияда жоғары оқу орнынан кейінгі және қосымша білім беру факультеті жұмыс істейді, онда жыл сайын Ұлттық ұланның және ішкі істер органдарының офицерлері мен келісімшарт бойынша әскери қызметшілері мамандықтары бойынша қайта даярлаудан өтеді.

Мұнда ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлауға көп көңіл бөлінеді. Жыл сайын оқытушылар қатары магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша жоғары оқу орындарының түлектерімен толықтырылады.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz