СҚО балуандары Белградта бақ сынайды

Авторы: Qyzyljar News

Қыркүйектің 10-ы мен 18-і аралығында Сербия елінің астанасында күрес түрлерінен әлем чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Дәстүрлі додаға қатысатын ұлттық құрама сапында теріскейлік толағайлар да бар. Еркін күрес шебері Нұрқожа Қайпанов ел намысын 74 келі салмақ дәрежесінде қорғамақ. Ал классиктер арасында Аманғали Бекболатовқа артылған сенім мол. Қос спортшының қатарына Айдос Сұлтанғалиді де қосуымыз қажет. Қызылорда облысының атынан күресетін балуан – Петропавлдағы спорт мектебінің түлегі.

Айта кетейік, алдағы әлем біріншілігінде 2024 жылы өтетін Париж Олимпиадасының алғашқы жолдамалары сарапқа салынады.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz