Ұлттық қауіпсіздік комитеті облыстық департаментінің қызметкерлері 1 қыркүйек қарсаңында «Мектепке жол» қайырымдылық акциясына қатысты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Қайырымдылық жасауды, игі істерге атсалысуды қызметтерінің бір бағдары санайтын департамент мамандары Мағжан Жұмабаев ауданындағы Полудино балалар үйінің тәрбиеленушілеріне барып, көмекке мұқтаж отбасылардан шыққан балаларға арнап кеңсе тауарларын, рюкзактар, спорттық костюмдерді сыйға тартты. Осылайша қызметкерлер білім күніне орай бүлдіршіндерді қуантып, мектептерінің жағдайын жақсартуға қол ұшын созды.
Мамандардың қамқорлыққа мұқтаж сәбилер оқитын білім ордасынының ішкі жөндеу жұмыстарын жүргізуге қаржылай көмек көрсеткенін де айтып өткен жөн.