Өткен тәулікте елімізде 154 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі Ведомствоаралық комиссия мәліметіне сілтеме жасап.
Өткен тәулікте: Нұр-Сұлтан қаласында — 46, Алматы қаласында — 13, Шымкент қаласында – 1, Ақмола облысында – 15, Ақтөбе облысында – 1, Алматы облысында — 5, Атырау облысында — 10, Шығыс Қазақстан облысында — 4, Абай облысында — 1, Жамбыл облысында — 3, Батыс Қазақстан облысында — 9, Қарағанды облысында — 25, Қостанай облысында — 10, Маңғыстау облысында — 5, Павлодар облысында — 4, Солтүстік Қазақстан облысында – 2 адамның ауырғаны анықталды.
Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың жалпы саны 1 390 263-ке жетті.
Фото: Талғат Тәнібаев.