СҚО-да Президент Жолдауы талқыланды

Авторы: Qyzyljar News

СҚО-да AMANAT партиясының белсенділері Президент Жолдауын талқылады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі

Партия мүшелері талқылауында балалар қорын құру, бала күтімі бойынша жәрдемақы төлеу мерзімін ұлғайту, зейнеткерлік жасты төмендету, ең төменгі зейнетақы мен ең төменгі жалақыны арттыру тақырыптары қозғалды. Сондай-ақ білім беру, денсаулық сақтау, бизнесті қолдау және жаңа бюджет кодексі туралы да айтылды.

— Жалпы Жолдау азаматтар мен мемлекеттің одан әрі әл-ауқатына бағытталған. Аталған мәселелер тез шешімді қажет етеді. Сондықтан да біз оны орындау жұмысына белсене араласамыз. Жолдау «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасымен тығыз байланысты болғандықтан партиялықтар үшін оны орындау мәселесі бірінші орынға шығады, — дейді «AMANAT» партиясының облыстық филиалының атқарушы хатшысы Әсем Рахметова.

Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнология институты филиалының директоры Нұрболат Әбуов еліміз демократиялық реформаларды одан әрі күшейтілуі тиіс екенін айтты. Оның пікірінше, жаңа Қазақстанда мемлекеттік саясаттың басымдығы адам болуы керек. Сондай-ақ, ол Президенттің жаңа Жолдауын 1997 жылғы «Қазақстан-2030″Жолдауымен салыстырды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz