Петропавлда қоқыс уақытында шығарылмай жатыр

Авторы: Qyzyljar News

Петропавл қаласы әкімдігінде ахуалдық орталыққа қабылданған проблемалық өтініштер қаралды. Бір ай ішінде call-орталықта 2839 өтініш келіп түскен, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Проблемалық өтініштердің қатарында қоқыс мәселесі қозғалды. Бүгінге дейін қатты тұрмыстық қалдықтардың уақытында шығарылмауына 33 өтініш келіп түскен.

Бейнебақылау камералары арқылы Алматы, Брусиловский, Гагарин, Гоголь, Назарбаев, Сәтпаев, Ульянов көшелеріндегі кейбір үйлердің маңында қалдықтардың үйіліп қалғаны анықталды. Ахуалдық орталық жетекшісі Ернар Байсейітовтің айтуынша, тамыз айында жергілікті полиция қызметі 300 әкімшілік материал толтырған.
Сонымен қатар, жиналыста қаңғыбас иттер мәселесі де қозғалды. Аталған мәселе бойынша 15 өтініш түскен. Қалалық әкімдікте қазіргі уақытта оларды аулау және ату жүргізілмейді деп түсіндірді. Бұл 02.03.2022 жылғы «Жануарларға қатысты жауапкершілік туралы» заңның қабылдануына байланысты екен.

Қала әкімі қаңғыбас жануарлардың жағдайы туралы ақпараттан хабарсыз кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінің басшысы Ғалымжан Абаевты сынға алды.Өтініштердің саны бойынша тұрғын үй коммуналдық шаруашылық секторы көш бастап тұр. Екі апта ішінде мұнда 118 өтініш қабылданған. Қала тұрғындары әдеттегідей қазақ музыкалық-драма театрының жанында тас төсемдердің нашар салынғанына шағымданды.

Алматы көшесінде Jusan Банк пен жалпы білім беретін лицейдің арасында асфальт опырылып қалған. Ал, Сәтпаев көшесіндегі 17 үйдің тұрғындары сынған ағашты алып тастауға қауқарсыз.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz