Әулиекөл ауданына азық-түлік, киім және гигиеналық заттары бар 4 жүк көлігі жіберілді. Жергілікті кәсіпкерлер, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері және облыстың барлық тұрғындары зардап шеккендерге көмектесті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
— Жергілікті өндірушілер мен бизнесмендер үлкен қолдау көрсетті. Олардың қатарында «Радуга» ЖШС, » DEZ «ЖШС,» РахатОпт » ЖШС, «Прогресс «Тігін фабрикасы» ЖШС, «Сұлтан-ЭММК» АҚ, «Ноғайбай» ЖШС, «Маслодел» ЖШС, «Архстрой» ЖШС, «Құрылыс-сервис СК» ЖШС, «Корона» сауда үйлері», «Северный», «Мамбетов и К» КС және басқалары бар. Олар Қостанай облысына 15 тонна ұн, 5 тонна күріш, қарақұмық, макарон, күнбағыс майы, құрылыс материалдарын жинады. Жөнелтілген жүктің ішінде халық тұтынатын тауарлар, гигиеналық құралдар мен киім — кешек те бар, -деп хабарлады AMANAT партиясы филиалының баспасөз қызметі.