Парижде үш жүлде жеңіп алды

Авторы: Qyzyljar News

3-5 қыркүйек күндері Францияның астанасы – Париж қаласында паратаэквондодан әлемдік Гран-при сериясы аясында жекпе-жектер өтті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Бұл Париж-2024 Паралимпиада ойындарының алдындағы ірі рейтингтік жарыстардың бірі. Аталған спорттық іс-шараға 25 елден үздік деген 85 таэквондошы қатысты. Байрақты бәсекеде Қазақстаннан төрт спортшы бақ сынап, олар үш жүлдеге қол жеткізді. Мұны айтарлықтай жақсы нәтиже деуіміз керек. Мәселен, Нұрлан Домбаев 80 килограмм салмақта жекпе-жекке шығып, К-44 дәрежесінде күміс медаль жеңіп алса, Өмірәлі Нышан да осы салмақ пен дәрежеде күресіп, қола жүлдеге қол жеткізді. Сондай-ақ 57 килограммда (К-44) бозкілемге түскен Кәмила Досмалова да қола медальды мойнында жарқыратты.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz