Петропавлдағы қазақ театрының құрылысы қазан айында аяқталады

Авторы: Әділет БАҒЛАНҰЛЫ

Петропавлда жоспар бойынша үш жыл бұрын пайдалануға берілуі тиіс қазақ театрының құрылысы қазан айында аяқталады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

СҚО әкімі Құмар Ақсақалов Петропавлдағы жаңадан салынып жатқан қазақ театрының құрылысында болды. 2019 жылы іске қосылуы тиіс мәдениет нысаны мердігер компанияның өз міндетін уақытында орындамауына байланысты тоқтап қалды. Сот арқылы ол жауапсыз деп танылып, құрылысты аяқтау міндеті жергілікті компаниялардың біріне берілді. Қазір мұнда жұмыс қызған. Құрылыстың 75-80 % атқарылды.

-Қазақ театрында әр қызметтің толық жабдықталған өз бөлмелері болады. Акустикалық жүйесі бар әрлеу материалдарын алыс шетелден әкеліп жатырмыз. Ол сахнада әртістен өнер көрсетіп жатқанда, қалғандары кедергі келтірмес үшін жасалған. Сондай-ақ дыбыс сапалы, таза шығуы үшін осындай қымбат және заманауи материалдарды қолданып жатырмыз. Екінші қабатта екі буфет болады. Ол көрермендер бір-біріне кедергі келтіріп, кезек күтпеуі үшін жасалған. Қазан айында құрылысты аяқтауды жоспарлап отырмыз. Қазір бұл жерде 150 адам еңбек етіп жатыр. Демалыссыз құрылыс басында жүр. Биыл міндетті түрде театрды пайдалануға береміз. Жобаның жалпы құны 4 млрд. теңге, — дейді СҚО құрылыс басқармасының басшысы Қайролла Ғалеев.

Қазақ драма театры 500 көрерменге шақталған. Мұнда 64 гримдеу бөлмесі болмақ. Ал мәдениет нысаны қалыпты жұмыс істеуі үшін 350 адам жұмысқа алынады. Мамандардың айтуынша, төбесі көпдеңгейлі болып, қабырғалары ұлттық нақышта безендіріледі. Ал мәрмәр баспалдақ ғимараттың көркін аша түспек.

Фото: Qyzyljarnews.kz\Талғат Тәнібаев

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —  

Жарасбай Сүлейменов

Сайттың бас редакторы  —

Сағындық Мауғазин

+77752847188, srakhymzhan@internet.ru

Тілшілер:

Мадина Нуркина, +77057396494,  Nurkinamad@mail.ru

Алтынай Қазиқан, +77058316306, altynkazikanova@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz