Мұндай бастама «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кинематография және мәдениет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасына енгізілген, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
-1 желтоқсан — Тұңғыш Президент күнін мерекелеуді Мемлекеттік рәміздер күні, Алғыс айту күні және қоғамдық маңызы жоғары әлеуеті бар өзге де күндер сияқты, оны мемлекеттік мерекелер қатарынан алып тастау ұсынылды, — делінген Мәжілістің бейінді комитетінің қорытындысында.
Заңда 25 қазанды Ұлттық мереке – Республика күні ретінде айқындау, 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күнін мемлекеттік мереке ретінде белгілеу туралы айтылған. Мәжіліс депутаттары аталған заң жобасын талқылап, құжатты мақұлдады.
Сондай-ақ, «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Заңға келесі түзетулерді енгізу ұсынылды:
— 25 қазан ұлттық мереке — Республика күні болып айқындалсын;
— 16 желтоқсан — Тәуелсіздік күні мемлекеттік мереке ретінде белгіленсін.
Ашық көздерден алынған сурет