Петропавлда «Халық заңгері» жалпыреспубликалық акциясы өтеді

Авторы: Qyzyljar News

16 қыркүйек күні еліміздің барлық өңірінде бір мезгілде «Халық заңгері» жалпыреспубликалық акциясы өтеді. Заңгерлер, адвокаттар мен мемлекеттік орган өкілдері тұрғындардың сұрақтарына жауап беріп, білікті ұсыныстар айтып, заң тұрғысынан көмектеседі, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Акцияның мақсаты — халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және тегін заң көмегін көрсету. Кез келген азамат еліміздің заң қоғамдастығының үздік өкілдерінен тегін кеңес ала алады. Акцияның ұйымдастырушылардың қатарында — Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, zakon.kz желілік басылымы, «Параграф» ақпараттық жүйесі, мемлекеттік билік органдары және Қазақстанның үздік заңгерлері мен адвокаттары бар.

2016-2019 жылдар аралығында акцияға 7000-нан астам үздік сарапшылар мен шешім қабылдайтын мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты. Құқықтық көмекке жүгінген 100 000-нан астам азамат кеңес алғанын айта кеткен жөн. Петропавл қаласында акция Жұмабаев көшесі, 91 мекен жайында орналасқан «Достық Молл» сауда-ойын сауық орталығында өтеді.

Pixels иллюстрациялық суреті

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz