Бұл жолы жергілікті команда жігіттері ақтөбелік аяқдоп шеберлеріне есе жіберді. Қобыланды батыр атындағы стадионда өткен матч 1:0 есебімен аяқталды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Теріскейліктерге ұпай еншілеуге тамаша мүмкіндік болған. Алайда, кездесу соңында қарсылас команда ойыншысы «Qyzyljar»-дың қақпасынан саңылау тапты. Кезекті жеңілістен кейін «Qyzyljar» турнирлік кестеде төмен сырғып, қауіпті аймаққа жақындады. Ендігі қарсыластары – шымкенттік “Ordabasy”. Кезекті тур аясындағы ойын қыркүйектің 11-і күні Петропавлда өтеді. Матч 16:00-де басталады.