СҚО-да халық санағының қорытындысы шықты

Авторы: Qyzyljar News

2021 жылы өткен үшінші ұлттық халық санағы бойынша СҚО тұрғындарының саны 540 786 адамды құрады. 2009 жылғы санақпен салыстырғанда солтүстікқазақстандықтар 55,8 мың адамға (9,3% — ға) азайды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

2009 жылғы санақ қорытындысы бойынша қалалық жерде 238,4 мың адам (облыстың жалпы санының 40%) тұрды, 2021 жылғы санақ кезінде қала халқының саны 259,5 мың адамды (48%) құрады. Ауыл халқының үлесі тиісінше 60% — дан 52% — ға дейін төмендеді. СҚО-да әйелдер саны бұрынғыдай ерлерден көп. Санақ қорытындысы бойынша әйелдер саны 18,9 мыңға артық. Пайызбен алғанда ерлердің үлесі 48,3% – ды, әйелдердің үлесі-51,7% — ды құрады. Осылайша, СҚО-да 100 әйелге 93 ер адамнан келеді.

Фото: Qyzyljarnews.kz\Талғат Тәнібаев

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz