СҚО-да көпсалалы жоғары колледж ашылды

Авторы: Qyzyljar News

СҚО-дағы Лобаново ауылында «Зейнеп» жоғары көпсалалы колледжі ашылды. Жобаны қоғам қайраткері Almaty Management University негізін қалаушы және президенті Асылбек Қожахметов жүзеге асырды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Бұл нысан бұрынғы Айыртау ауыл шаруашылығы колледжінің базасында орналасқан. Инвестор ғимаратты қалпына келтіріп, күрделі жөндеуге және материалдық-техникалық базаны жабдықтауға 405 миллион теңге инвестиция салған. Бүгінде колледж қабырғасында 28 адам еңбек етеді, штатты 70-ке дейін көбейту жоспарлануда.

– Бүгінгі таңда колледжде студенттерге бар жағдай жасалған. Студенттер жатақханасы күрделі жөндеуден өтті. Қосымша корпус пен қызметкерлерге арналған жатақхана жөнделмек. Колледжге 100 мемлекеттік грант бөлінген. Лобаново ауылына жергілікті балалардан бөлек 5 облыстан студенттер де келіп білім алуда. Контингент 500 студентке дейін кеңейтіледі. Колледждің ашылуы аймақты менеджмент және туризм саласының мамандарымен қамтамасыз етеді. Айыртау ауданында курорттық аймақ бар екенін ескерсек, колледж студенттері тәжірибелерін «Имантау» демалыс орындарында өтеді,- деді өңір басшысы Құмар Ақсақалов.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz