Сәбит Мұқанов атындағы қазақ сазды — драма театрында жаңа маусымы ашылды

Авторы: Qyzyljar News

С.Мұқанов атындағы қазақ сазды — драма театрында 24-ші маусымның салтанатты ашылуы өтті. Актерлер көрермендер назарына «Құлеке батыр» спектаклін ұсынды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Қойылымның негізіне Құлеке батырдың қиын тағдыры арқау болды. Спектакльде оның жастық шағынан үзінділер, ғашығымен танысу және қазақ халқының тұтастығын бұзғысы келетіндерге қарсы тұруы болды. Орта жүз ханының елшісі болған кезінде Құлеке батырдың екі мемлекет арасындағы бейбітшілік туралы императрица Аннамен әңгімелескен жері сахнаның көркін қыздырды.

— Театр көрермендерін тамаша тұсаукесерлермен таң қалдыру жоспарда бар. 8 қыркүйекте сағат 19:00-де біз ағылшын драматургі Сомерсет Моэмнің «Үздік әйел» комедиясын ұсынамыз. Қоюшы режиссері — Қазақ ұлттық университетінің оқытушысы Сайлау Камиев, — деді С.Мұқанов атындағы Қазақ сазды — драма театрының көркемдік жетекшісі Дәурен Тойбазаров.

Фото: Qyzyljarnews.kz\Талғат Тәнібаев

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz