СҚО полиция департаменті ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында қылмыстық топтың 3 мүшесін астанада қолға түсірді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Оларға Қазақстан Республикасы ҚК 293 бабы 3 бөлімі, яғни «Бұзақылық» жасағаны үшін Петропавлда іздеу жарияланған болатын. Іздерін жасырып, тығылып жүрген оларды ұстау кезінде «WALTHER», «ОСА» тапаншалары табылды. Бұған қоса бірнеше суық қару мен патрондар табылып, тәркіленді.
Қазіргі күні күдіктілер қамауға алынып, тергеу жүріп жатыр. Қылмыс жасағандары дәлелденсе 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Фото: ашық дереккөздерден.