«Damu» қоры 20 жылдан бері шағын және орта бизнес өкілдеріне қолдау көрсетіп келеді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
«Damu» қорының мамандары қаржылық қолдау көрсетіп қана қоймай, кәсіби кеңес береді. Өңірдегі бизнес нысандарымен қоса «Радуга» және «Петропавл электртехникалық зауыты»сияқты ірі компаниялармен әріптестік орнатқан. Мысалы, алғашқысы жақында қағазды қайта өңдеу жобасы аясында 1,3 млрд. теңге сомасына 6 пайыздық несие алды.
— Қолдаудың екі түрі бар, субсидиялау және кепілдік беру. 1 қыркүйекке дейін субсидиялау аясында жалпы сомасы 6,8 млрд.теңгеге 213 жоба іске асырылды. Кепілдік беру арқылы бойынша жалпы сомасы 5,7 млрд.теңгеге 198 жоба іске асырылды, — деді «Damu» кәсіпкерлікті дамыту қоры өңірлік филиалының директоры Олег Пак.
Фото: ашық дереккөздерден.