262
«Қазгидромет» РМК 13-15 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жасады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
— Қазақстанның солтүстік бөлігіне солтүстік-батыс суық антициклоны әсер етеді. Республиканың батысында, солтүстік-батысында, шығысында, оңтүстік-шығысында жаңбыр жауады, шығыстың таулы аудандарында, оңтүстік-шығыста түнде жаңбырдың қарға ауысуы мүмкін, — делінген синоптиктердің хабарламасында.
Фото: ашық дереккөздерден.