Петропавлда жол-көлік оқиғасы нәтижесінде автокөлік аударылып қалды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

2022 жылғы 11 қыркүйек сағат 11-лер шамасында Петропавл айналма жолында «Теплый канал» маңында облыстың 62 жастағы тұрғыны басқарып келе жатқан «Audi 80» және «Toyota Hilux Surf» автокөліктері соқтығысып қалды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Соқтығысудың нәтижесінде 59 жастағы жүргізушісі рөлге ие  бола алмай «Toyota Hilux Surf» автокөлігі  аударылып қалды.

Зардап шеккендер жоқ. Медициналық куәландыру нәтижелеріне сәйкес екі жүргізуші де мас болмағаны анықталды.

Жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша Қазақстан Республикасы  ӘҚБтК-нің 610-бабының 1-бөлігі бойынша материал жиналып, процессуалдық шешім қабылдау үшін Мамандандырылған әкімшілік сотқа жіберілді.

Полицейлер жүргізушілерге, жаяу жүргіншілерге және велосипедшілерге жол ережелерін қатаң сақтау қажеттілігі туралы ескертеді. Маусымаралық кезеңде көлік құралдарының техникалық жағдайын бақылап, жылдамдық режимін сақтау қажет. Оқу жылының басталуымен көшеде балалар саны артты, оқушылардың барлығы бірдей жаяу жүргіншілер өткелінен өту тәртібін білмейді. Сондай-ақ, тәртіп сақшылары кішкентай жаяу жүргіншілерге ерекше назар аударуды сұрайды.

Жыл басынан бері облыс жолдарында 193 жол-көлік оқиғасы тіркелді, салдарынан 25 адам қаза тауып, 287 адам жараланды.

Фото: СҚО ПД.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz