Мұғалімдер күні қарсаңында Қазақстанда «Үздік педагог»байқауы басталды. Жеңімпаздар 3 млн. теңге көлемінде сыйақы алады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі Білім министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
Байқауға мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының мұғалімдері қатыса алады.
Сондай – ақ, конкурс тарихында алғаш рет барлық кезеңдер – қатысуға өтінімдерді қабылдау, тіркеу, конкурстық құжаттаманы беру, бағалау teachercontest.iac.kz.порталында жүзеге асырылатын болады.
— Біз жүлде қорын ұлғайттық , бұл мықты мамандардың келуіне түрткі болады және ондаған жылдар бойы еңбек етіп келе жатқан адамдарға құрмет болады деп үміттенеміз. Конкурс шеңберінде педагогтің білім беру жүйесін дамытуға қосқан үлесі, оның кәсіби шеберлігі мен қызметінің нәтижелілігі ескеріледі. Жыл сайын үміткерлердің саны ғана емес, олардың дайындық деңгейі де өсіп келе жатқанын атап өткім келеді. Биылғы жылы байқауға қатысатын әрбір педагог сауалнаманы толтырғаннан кейін конкурстың одан арғы динамикасын бақылай алады – қатысушылар қай кезеңде тұр, олар сарапшыларға қандай балдар қойды, – деп хабарлады Қазақстанның Білім Министрлігі орта білім комитетінің төрайымы Гүлмира Кәрімова.
Фото: ашық дереккөздерден.