Петропавлдықтардың тұрғын үй-коммуналдық қызметтерінің жұмысына көңілі толмайды

Авторы: Qyzyljar News

Ikomek-109 ахуалдық орталығына бір апта ішінде 62 шағым түсті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Өткен аптада ахуалдық орталыққа 80% -ы консультативтік сипаттағы сұрақтардан тұратын 546 өтініш келіп түскен. Аппараттық кеңес барысында орталықтың басшысы Ернар Байсейітов бүгінде келіп түскен өтіштердің 490-ы орындалғанын атап өтті.

— Тұрғындар Сәбит Мұқанов көшесіндегі №10 мектеп аумағында апатты жағдайдағы ағаштарды кесуді сұрайды. Сондай-ақ, Сенная көшесін абаттандыру бойынша, «Береке» шағынауданының саябағындағы орындықтар, субұрқақ, балалар ойын алаңы, шамдар мен 10 тренажерді жөндеу қажеттігі бойынша шағымдар түсірді, — дейді Ернар Байсейітов.

Сонымен қатар, қала тұрғындарының басым көпшілігі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының өткен жылдан бастап Алматы көшесі, 6-үйдегі бетон плиталарды алмағанына наразы.

-Заңсыз орнатылған гараждардың кесірінен плиталарды шығару мүмкін болмай тұр. Бұл блоктардың иесі — «Петропавл жылу желілері» ЖШС,- дейді Ikomek-109 ахуалдық орталығының басшысы Ернар Байсейітов.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz