СҚО аумағында Ресейде тіркелген 6 мыңнан астам автокөлік жүр

Авторы: Qyzyljar News

Солтүстік Қазақстан облысында Ресейде тіркеуде тұрған 6 мыңнан астам көлік бар, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Ресеймен шекаралас жатқандықтан болар СҚО аумағында Ресейдің нөмірін таққан көліктер жиі кездеседі. Рубль қымбаттамай тұрып көрші елден тәуір көлік әкелу тиімді болды. Тамыр-танысы барлар оларды сол жақта тіркеуден өткізсе, ондай мүмкіндігі жоқтар тәуекелге бел буып, көлікті еш тіркеусіз мініп жүр.
СҚО полиция департаментінің мәліметінше, өңірде қазіргі уақытта Ресейде тіркелген 6 мыңнан астам автокөлік бар.

– Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің тапсырмасымен СҚО бойынша мемлекеттік кірістер департаментімен бірге 2021 жылдың 10 тамызы мен 2022 жылдың қаңтары аралығында «Транзит» іс-шарасы өтті. Министрлікке жіберілген тізімге сәйкес облыс аумағында Ресейден әкелінген, бірақ еш жерде тіркелмеген 3 979 автокөлік жүргендігі анықталды, — дейді СҚО ПД әкімшілік полиция басқармасы бастығының міндетін атқарушы Ерлан Мәдиев.

Ал Армения мемлекетінен 2020 жылдың 1 қаңтарына дейін әкелінген, тіркеуге болатын 526 автокөлік бүгінде СҚО полициясының базасына енгізілді. Олардың 450-і қазіргі уақытта тіркеуден өтіп, сары нөмірлік белгімен жүр. Ерлан Мәдиевтің айтуынша, осы жылдың тамыз айына дейін жол жүрісі қағидаларының бұзушылықтарын анықтайтын автоматтандырылған тіркеу құрылғылары арқылы шетелдік көліктерге қатысты 1113 хаттама толтырылған. Айыппұлдың жалпы соммасы 7 млн. 300 мың теңгеден асады.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz