Петропавлда саяжайлардағы өртке кінәлілер жазаланды

Авторы: Әділет БАҒЛАНҰЛЫ

Петропавлда биыл көктемде саяжай учаскелеріндегі өрттерге кінәлі бірнеше қала тұрғыны жауапқа тартылды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Өңірлік коммуникациялар қызметіндегі брифингте қалалық төтенше жағдайлар басқармасының бас маманы Дархан Смағұлов әкімшілік жауапкершілікке сегіз адам тартылғанын хабарлады. Айыппұлдың жалпы сомасы 275 мың теңгеден асты.

— Күз айларында саяжай иелері құрғақ шөптерді көп өртейді. Талдау нәтижелері көрсеткендей өрттің негізгі себептері – от жаққанда қараусыз қалдыру, пештер мен электр жабдықтарын пайдалану ережелерін бұзу, нысандардан кемінде 5 метр нормативтік қашықтықты сақтамай қоқысты өртеу. Өрт қауіпті кезең басталғаннан бері рейд кезінде құрғақ шөптерді өртегені үшін 23 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды,- деді Дархан Смағұлов.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —  

Жарасбай Сүлейменов

Сайттың бас редакторы  —

Сағындық Мауғазин

+77752847188, srakhymzhan@internet.ru

Тілшілер:

Мадина Нуркина, +77057396494,  Nurkinamad@mail.ru

Алтынай Қазиқан, +77058316306, altynkazikanova@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz