СҚО-да Ш. Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтының филиалы ашылды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

СҚО-да Ш. Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтының филиалы ашылды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Биыл наурызда   М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінде республиканың  тарихшылары қауымы жиналған съез өткен еді. Жиында сол кездегі Қазақстан Республикасы  Білім және ғылым министрі Асхат  Аймағамбетов мырза қазіргі таңда тарихшылар қауымы үшін алаңдатушылық тудырып отырған маңызды мәселе теріскей аймақтың тарихы мен мәдениетінің зерттелуінің кенже қалғандығы, оны жүзеге асыру үшін арнайы бағдарламалы-нысаналық қаржыландыру бағдарламасының қажеттігі, тарихшы, археолог, этнолог ғалымдарды тарту үшін ғылыми-зерттеу институтының қажеттігі жайында  маңызды ұсыныстар айтылған болатын.

 -Белгілі ғалым, тарих ғылымдарының докторы Зиябек Қабылдинов  және университет ректоры Ерлан  Шулановтың тікелей қолдауымен, Петропавл қаласында М. Қозыбаев университетінің базасында Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының және Ә. Марғұлан атындағы Археология институтының филиалдарының ашылуы туралы ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитетінен рұқсат хат келді.Бұл ісіміз жуырда Солтүстік Қазақстан өңіріне арнайы іс-сапармен келген   Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек  тарапынан да қолдау тауып отыр. Қазіргі таңда Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты  есептік тіркеуден өтіп, ресми ашылды. Ә. Марғұлан атындағы Археология институтының есептік тіркеуден өтуі туралы құжатты күтіп отырмыз,- деді М.Қозыбаев атындағы СҚУ ректорының кеңесшісі, тарих ғылымдарының докторы Ақмарал Ыбыраева.

Ақмарал Ыбыраеваның айтуынша,   тарихы терең, мәдениеті ерекше қалыптасқан, талай дүлдүл тұлғаларды әкелген өлкенің ежелгі дәуірден қазіргі күнге дейінгі тарихын тың деректерге сүйене отырып жан-жақты зерттеу, нәтижелерін жариялау, мамандар даярлау, бағдарламалық-нысаналық (ПЦФ), гранттық қаржыландыру конкурстарына қатысу, Тарих, археология мамандықтары бойынша PhD докторантура ашу  секілді қыруар жұмыс бар.

— Солтүстік Қазақстан әрқашан Қазақ хандығының және оның алдындағы басқа да мемлекеттік құрылымдардың (Алтын Орда, Қыпшақ хандығы, Қимақ қағанаты, басқа да ортағасырлық түркі мемлекеттерінің дәуірі және т.б.) аумағы болғандығын дәлелдейтін тереңдетілген кешенді, ғылыми зерттеулер аса қажет деп санаймыз.   Сондықтан, Солтүстік Қазақстан өңірінде Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология, Ә. Марғұлан атындағы Археология институттары филиалдарының ашылуы ғылыми зерттеушілік жағынан, стратегиялық маңызды болып табылады, деді Ақмарал Ыбыраева.

 

 

Фото: ашық дереккөздерден.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz