Димаш Құдайберген Головкин-«Канело» кездесуінде Мемлекеттік әнұранды орындайды

Авторы: Qyzyljar News

Бұл туралы Димаш Құдайбергеннің әкесі Қанат Айтбаев мемлекеттік арнаға  берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

– Гена телефон соғып, «елдің атынан өнер көрсетіп жатырмын, сондықтан гимнді айтып беруіңді сұраймын» деп қолқа салды. Өзінің концерті тақалып тұрғанына қарамастан, соған барып келмек. Алла тілегіңді берсін,  деп шығарып салдым. Енді жігіттердің жеңіспен келуін тілейміз, —   деді Димаштың әкесі.

Сондай-ақ бұл ақпарат «DimashNews»  Insagram парақшасында да жарияланды.

– Еліміздің біртуар спортшысы Генадий Головкиннің арнайы шақыртуымен 17 қыркүйек күні Лас Вегас қаласында өтетін «GGG — Canelo 3»  жекпе-жегі алдында Димаш Құдайберген Мемлекеттік гимнді орындап, батырымызға қолдау көрсетеді, —  делінген хабарламада.

Айта кетейік, Головкин-«Канело» жекпе-жегін «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары тікелей эфирде көрсетеді.

Фото: ашық дереккөздерден.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

 

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz