Петропавлдағы Ұлттық ұлан гвардиясы Академиясының құрамасы әскери бессайыстан екінші орын алды

Авторы: Qyzyljar News

2022 жылғы 6-9 қыркүйек аралығында 6654 әскери бөлімінің Қаракемер кенті базасында әскери бессайыстан Ұлттық ұланның жеке-командалық чемпионаты өтті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Аталған чемпионатқа «Орталық», «Шығыс», «Батыс», «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының, сондай-ақ Ұлттық ұлан Академиясының және 5573 әскери бөлімінің әскери қызметшілері қатысты. Жарыстың қорытындысы бойынша Ұлттық ұлан гвардиясы академиясының әскери қызметшілері жүлделі орындарға ие болды.

«АК-1» – автоматынан ату жаттығуында оқу процесін қамтамасыз ету батальоны РХБЗ бөлімшесінің бастығы, машина командирі аға сержант Арман Кәрібай 1 орын алса, кедергілердің бірыңғай белдеуінен өту жаттығуында 2 және 3 орынды 4 курс курсанттары Нүркен Тоқпай мен Арыстан Мұхамбетжан иеленді. «Ф-1» гранатасын лақтыру жаттығуында 3 орынды 4 курс курсанты Арыстан Мұхамбетжан жеңіп алса, жеке жалпы есепте 2 орынды 4 курс курсанты Нұркен Тоқпай иеленді. Сондай — ақ чемпионатқа қатысушылар 1000 метрге жүгіруден жарысты, оның нәтижесі бойынша Ұлттық гвардия академиясының дене шынықтыру және спорт қызметінің бастығы-ҚПҚ кафедрасының аға оқытушысы капитан Әсет Байсбаев 1 орынға ие болды.

Жалпы командалық есеп қорытындысы бойынша Ұлттық гвардия академиясының командасы 2 орынға тұрақтады. Жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері кубоктармен, медальдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz