Петропавлда «Тіл- татулық тірегі» атты аймақтық ақындар айтысы өтті

Авторы: Әділет БАҒЛАНҰЛЫ

Петропавлда тілдер апталығына орайластырылған «Тіл- татулық тірегі» атты аймақтық ақындар айтысы өтті. Оған еліміздің Қостанай, Ақмола, Павлодар облыстары мен Нұр-Сұлтан қаласынан және Қызылжар өңірінің ақындары қатысты. Жыр додасы қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйытқы болуымен өткізілді, деп хабарладайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Жер-жерден келген жүйріктерді қала әкімі Руслан Аңбаев құттықтады.

-Біздің төл өнеріміз бен басты мәдени құндылықтарымыздың бірі- айтыс. Айтыс десе қазақ халқы ішкен асын жерге қояды. Ақындар қашан да қоғам өмірінен шет қалмай, халықтың рухын көтерген. Кешегі Сүйінбай, Біржан, Сара ақындар соның дәлелі. Бүгінгі аламанға қатысып отырған жүйріктерге сәттілік тілеймін,- дейді Руслан Әкімжанұлы.

Жыр дордасына қатысқан 10 ақын 5 жұп болып өнер көрсетті. Бұл күні Достық үйіне жиналған жұртшылықтың да ақындарға деген ықыласы ерекше болды. Көрермендер қатысушыларға қол соғып, ұтымды ойлар мен өткір шумақтарға қолдауларын аямады. Алғашқы айналымда үздік өнер көрсеткен ақындар қазылар алқасының шешімімен іріктеліп, екінші кезеңге екі жұп шығарылды. Мұнда айтысқан Рауан Қайдар мен Ерлан Дәулет, Қабдолла Бейісхан мен Ақбота Манарбековалар да шаппа-шап айтыстың көркін қыздырды.

Төрт сағаттан астам уақытқа созылған айтысты табжылмай тамашалаған тыңдармандардың ақындарға деген пейілі ыстық болды. Әсіресе жиналған жастар қиқу салып, жүйріктердің делебесін қоздырды. Айтыс соңында барлық ақын шабыттандыру сыйлығымен марапатталды. Сонымен қатар Қожаберген жырау атындағы жүлде Диас Аяғанға, Сафуан Шәймерденов атындағы арнайы жүлде Тоба Өтепбайға табысталды. Үшінші орынды Ақбота Манарбекова, екінші орынды Ерлан Дәулет, бірінші орынды Қабдолла Бейісхан иеленсе, бас жүлде, 150 мың теңгені Рауан Қайдар жеңіп алды. Бұл жолы айтысқа алғаш шыққан Сұлтан Жарқынұлы мен Бейбарыс Аманжолұлы да арнайы сыйлықтарға ие болды.

Фото: Qyzyljarnews.kz\Талғат Тәнібаев

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —  

Жарасбай Сүлейменов

Сайттың бас редакторы  —

Сағындық Мауғазин

+77752847188, srakhymzhan@internet.ru

Тілшілер:

Мадина Нуркина, +77057396494,  Nurkinamad@mail.ru

Алтынай Қазиқан, +77058316306, altynkazikanova@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz