Петропавлда ювеналдық полиция қызметкерлері әлеуметтік педагогтармен бірлесе күн сайын мекенжайлары аралап жүр, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Тұрмысы қолайсыз отбасылар, мектепішілік есепте тұрған жасөспірімдер, кәмелетке толмаған балаларының тәрбиесі бойынша міндеттерін атқармайтын ата-аналар полицейлердің басты назарында.
–Жыл басынан бері облыс орталығында ата-ана құқығынан айыру туралы 23 материал сотқа жолданды. Өкініштісі сол, кейде тіпті қатаң шара қолданудың өзі оң нәтижесін бермей жатады. Он алты адам ата-ана құқығынан айырылса, екеуі шектетілді,- дейді Петропавл қаласы полиция басқармасы ЖПҚ бөлімінің ювеналды полиция бөлімшесінің бастығы Эльмира Абушева.