СҚО-да ауыр жүк көліктерінің иелері 14 млн. теңге айыппұл төледі

Авторы: Әділет БАҒЛАНҰЛЫ

СҚО-да қозғалыс қауіпсіздігін арттыру және жолдардың сақталуын қамтамасыз ету үшін ауыр салмақты автокөліктердің жүру ережелерінің сақталуын бақылаудың арнайы жол картасы әзірленді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Көліктік бақылау инспекциясының басшысы Руслан Сейталин «Әдепті талап ет» акциясының қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметте жол картасы аясында полицейлермен бірлесіп рейдтер жүргізіп жатқанын хабарлады. Карьерлерден инертті материалдар жеткізілетін ауыр салмақты самосвалдардың жүруін бақылау мәселелеріне ерекше назар аударылады.

— Облыс аумағында кең таралған пайдалы қазбалар: қиыршықтас, құм, саз және басқа да инертті материалдар өндірілетін 13 карьер жұмыс істейді. Жыл басынан бері жүк жөнелтушілерге қатысты рұқсат етілген параметрлерден асып кеткені үшін 10 әкімшілік материал толтырылды, — деді Руслан Сейталин.

Оның айтуынша, бірлескен рейдтер бір реттік сипатқа ие және шамалы оң әсерге ие.

— Сегіз ай ішінде инспекция қызметкерлері 1 906 автокөлік құралын, оның ішінде 1 767 шетелдік көлік құралын тексерді. 196 бұзушылық анықталып, жалпы сомасы 24 млн. теңгеден астам айыппұл салынды. Ауыр салмақты және ірі көлемді жүктерді тасымалдау ережелерінің сақталуын бақылау нәтижелері бойынша кінәлі тұлғаларға қатысты 80 әкімшілік іс қозғалып, 14 млн. теңгеге жуық айыппұл салынды, — деп толықтырды Руслан Сейталин.

Инспекция басшысының деректері бойынша, көліктің жүріп өтуін бақылауды ведомство қызметкерлері жылжымалы көліктік бақылау бекеттерін пайдалана отырып жүзеге асырады. Бір жылжымалы бекет «Жаңажол» өткізу пунктіне жақын республикалық маңызы бар «Челябинск – Новосибирск» автомобиль жолында тәулік бойы жұмыс істейді.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —  

Жарасбай Сүлейменов

Сайттың бас редакторы  —

Сағындық Мауғазин

+77752847188, srakhymzhan@internet.ru

Тілшілер:

Мадина Нуркина, +77057396494,  Nurkinamad@mail.ru

Алтынай Қазиқан, +77058316306, altynkazikanova@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz