СҚО-да жазушы Сафуан Шаймерденовтың 100 жылдығы аталып өтті

Авторы: Әділет БАҒЛАНҰЛЫ

Өңірімізде Сафуан Шаймерденовтың 100 жылдығына орай ұйымдастырылған іс-шаралар басталды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Шараға жиналған қауым алдымен Петропавлдағы жазушының есімі берілген қалалалық классикалық гимназия қабырғасында мемориалдық тақтайшаға шүл шоқтарын қойды. Оған Қазақстан жазушылар одағының төрағасы, Қазақстан жазушылар одағының мүшелері, Қазақстан Республикасы Президентінің Кеңесшісі, жазушының туыстары, мәдениет қызметкерлері, әдебиет жанашырлары, студенттер және БАҚ өкілдері қатысты. Кейін оқушылар сарайында «Сөз зергері — Сафуан» атты шығармашылық кеші өтіп, шығармашылық кешті СҚО әкімінің орынбасары Жандарбек Дәурен Жандарбекұлы ашты.

Сафуан Шаймерденұлы 15 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысы, Преснов ауданы (қазіргі Жамбыл ауданы), Аманкелді ауылында дүниеге келген. Орта мектепті бітірген соң, біршама уақыт өз ауылының орталау мектебінде мұғалім, Армия қатарында болды. 1942–1943 жж. Преснов аудандық комсомол хатшысы, 1942–1945 жж. «Ленин туы» газетінде тілші, әдеби қызметкер. 1950 жылы ҚазМУ-дің филология факультетін үздік бітірді. Содан кейін республикалық жастар газетінің Қарағанды облысы бойынша тілшісі, 1952 жылы «Әдебиет және искусство» журналының бөлім бастығы, Қазақстан Жазушылар одағы проза секциясының меңгерушісі, 1955 жылы «Қазақ әдебиеті» газеті бас редакторының орынбасары, 1958–1960 жж. Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының хатшысы, 1970–1975 жж. Қазақ КСР Мәдениет министрлігі репертуарлық коллегиясының бастығы болған.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —  

Жарасбай Сүлейменов

Сайттың бас редакторы  —

Сағындық Мауғазин

+77752847188, srakhymzhan@internet.ru

Тілшілер:

Мадина Нуркина, +77057396494,  Nurkinamad@mail.ru

Алтынай Қазиқан, +77058316306, altynkazikanova@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz