СҚО санитариялық дәрігерлері коронавирусты жұқтыру қарқынының төмендегенін атап өтті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, соңғы екі аптада өңірде коронавируспен ауыратын 180 адам анықталған. Бұл алдыңғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда екі есеге аз.
Өткен тәулікте облыс бойынша коронавирусқа ПТР-зерттеудің тек алты оң нәтижесі тіркелді. Оның екеуі Петропавлда анықталса, Аққайың, Жамбыл, Тайынша және М.Жұмабаев аудандарында бір-бірден тіркелді. Эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес өңір «жасыл» аймақта орналасқан.
Өңірімізде жалпы пандемия басталғаннан бері коронавируспен 46 187 адам ауырды.