Форвардтық сатып алу шарттары бойынша астықты қайтаруды қамтамасыз ету үшін «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ бағаны жариялады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі
Ұлттық компанияның бағасы:
— 3-сыныпты бидай (сапасы 23%) — 121 000 теңге ҚҚС-мен;
— 3-сыныпты бидай (сапасы 25%) — 123 000 теңге ҚҚС-мен;
— 3-сыныпты бидай (сапасы 27%) — 125 000 теңге ҚҚС-мен;
— 4-сыныпты бидай-115 000 теңге ҚҚС-мен;
— 5 сыныпты бидай-98 000 теңге ҚҚС-мен;
— 2 сыныпты арпа-95 000 теңге ҚҚС-мен;
— сұлы-90 000 теңге ҚҚС-мен;
— қарақұмық-170 000 теңге ҚҚС-мен.
Азық-түлік корпорациясы ағымдағы нарық конъюнктурасына сәйкес әділ нарықтық баға белгіледі. Төлем шарттары азық-түлік корпорациясы айқындаған астық қабылдау кәсіпорындарына жеткізу фактісі бойынша анықталды. Қатты бидайды, күнбағысты, майлы зығыр тұқымын және рапсты сатып алу бағасы кейінірек жарияланады.
СҚО аграршылары форвардтық сатып алу шарттарын орындау бойынша қосымша ақпаратты мына мекенжай бойынша нақтылай алады: Петропавл қаласы, Партизанская көшесі, 160, тел. (8-715-2) 42-27-24, 42-27-23, 42-26-36.