Петропавлда «Білімді мыңды жығады» сайысы өтті

Авторы: Сағындық МАУҒАЗИН

Қазақстан халқы тілдерінің күні мерекесі аясында қыркүйектің 16-сы «CITY MALL» сауда үйінде «Білімді мыңды жығады» тақырыбында интеллектулды ойын өтті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Шараны Тілдерді оқыту орталығы мен СҚО «Қазақ тілі» қоғамы бірлесе өткізді. Интелектуалды ойынның мақсаты мемлекеттік тілді білуге деген қызығушылықты арттыру, тіл мәдениетін көтеру, ұлттық құндылықтар мен мәдениетімізді дәріптеу және Орталық арқылы тілдерді тегін оқу мүмкіндігі бары туралы хабарлап, қала тұрғындарын қазақ-ағылшын тілдерін оқып-үйренуге тарту болды. Ойынға жиналған қала тұрғындарынан 4 команда құрылды. Команда мүшелері «Тез-тез тест», «Тапқырлық таныт», «Сурет-Сұрақ», «Кино», «Спортсыз болмайды», «Шекаралас», «Оңай емес» бөлімдері бойынша сайысқа түсті. Берілген сұрақтарға 1 минут ішінде смартфон немесе басқа да электронды құрылғыларды пайдаланбай, жауапты тек қана қазақ тілінде беру шарты қойылды. Қазылар алқасы ойыншыларды тілдерді меңгеру деңгейілеріне, жауаптардың нақты әрі дұрыс, орфоэпиялық тұрғыдан таза сөйлеулеулеріне қарай бағалады. Шара соңында ойы озық ойыншылар естелік сыйлықтармен марапатталды.

Фото: ашық дереккөздерден.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —  

Жарасбай Сүлейменов

Сайттың бас редакторы  —

Сағындық Мауғазин

+77752847188, srakhymzhan@internet.ru

Тілшілер:

Мадина Нуркина, +77057396494,  Nurkinamad@mail.ru

Алтынай Қазиқан, +77058316306, altynkazikanova@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz