Қазақстан 1 млрд. долларға бидай мен аралас азық экспорттады

Авторы: Qyzyljar News

Қазақстандық бидай мен аралас азықтың экспорттық бағасы бір айда 10% — ға және бір жылда 32% — ға өсті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі Еnergyprom.kz сайтына сілтеме жасай отырып

Ағымдағы жылдың қаңтар-шілде айларының қорытындысы бойынша Қазақстаннан экспортқа 1 млрд. АҚШ долларына 3,3 млн. тонна бидай мен аралас азық жіберілді. Өнімнің басым бөлігі ТМД елдеріне жөнелтілді. Бұл өткен жылғыға қарағанда 2,3 млн.тоннаға яғни, 3% — ға артық. Ең көп көлем Өзбекстан (1,5 млн.тонна), Тәжікстан (416 мың тонна) және Түркіменстанға (217,9 мың тонна) экспортталды.

ТМД құрамына кірмейтін әлемнің басқа елдеріне 1 млн.тонна бидай жіберілді. Бұл өткен жылғыға қарағанда 3,6% — ға артық. Мұнда Иран көшбасшы болып, бұл елге — 458,9 мың тонна жіберілді. ТОП-3 елдің қатарына Ауғанстан (267,3 мың тонна) және Италия (151,2 мың тонна) кірді.

2022 жылғы шілденің қорытындысы бойынша бидай мен аралас азыққа экспорттық жеткізілімдердің бағасы бір айда 10,1% — ға, жыл басынан бастап 14,5% — ға және бір жылда 32,1% — ға өсті.
Оның ішінде ТМД елдері үшін айлық динамикадағы бағалар 11% — ға, қалған елдер үшін -8,4% — ға өсті. Жылдық динамикада ТМД елдері үшін бағаның өсуі 35,4%, қалған елдер үшін — 23% құрады.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz