Ұлттық ұлан академиясының құрама командасы «Атмосфера» әскери-спорттық жарысында 1 орын алды

Авторы: Qyzyljar News

2022 жылғы 17 қыркүйекте Ұлттық ұланның 6637 әскери бөлімінің әскери атыс алаңында «СФЕРО» бизнес-клубының бастамасымен және ұйымдастырылуымен «Атмосфера» әскери-спорттық жарысы өтті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Аталған іс-шараның мақсаты салауатты өмір салтын насихаттау, командалық рухты қалыптастыру, өскелең ұрпақты патриотизм рухында тәрбиелеу, сондай-ақ халық арасында дене шынықтыру мен спортты танымал ету.
Әскери-спорттық жарысқа барлығы 120-ға жуық адам қатысты. Оның ішінде коммерциялық ұйымдардың ұжымдары, спортшылар, әуесқойлар, белсенділер және Ұлттық ұлан академиясының әскери қызметшілері бар.
Іс-шара аясында қонақтардың назарына әскери техника мен оқу атыс қаруы ұсынылды. Сондай-ақ мұнда қаланың музыкалық ұжымдары мен Ұлттық ұлан академиясының әскери оркестрінің қатысуымен шағын концерт өтті.

Спорттық іс-шара аяқталғаннан кейін төрешілер алқасы жарысты қорытындылады. Командалық есеп бойынша Ұлттық ұлан академиясының құрамасы 1 орынға ие болды.  Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне медальдар, грамоталар мен сыйлықтар табыс етілді.

Фото: Ұлттық ұлан академиясының баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz