СҚО-да алкоголь өнімдерін дайындайтын жасырын цех анықталды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Қаржылық мониторинг агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті Петропавл қаласында алкоголь өнімдерін өндіру бойынша жасырын цех қызметінің жолын кесті, деп хабарлайды  Qyzyljarnews.kz тілшісі агенттіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында қаланың өнеркәсіптік аймағы аумағында үй-жай анықталып, жойылды. Онда облыстың сауда орындары арқылы сату үшін антисанитариялық жағдайда суррогат спирт дайындалған.

Тексеру барысында көлемі 16 мың литрден астам пластикалық ыдыстарға құйылған спирт және құрамында спирт бар сұйықтық, сондай-ақ суррогат спиртін пластикалық ыдыстарға құюға арналған құрылғылар алынды.

Аталған деректер бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Қазақстан Республикасының  ҚПК 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етілмейді.

Фото: ашық дереккөздерден.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz