14-16 қыркүйек аралығында Орал қаласында 50 және одан жоғары жастағы ардагерлер арасында республикалық спартакиада өтті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Спартакиада бағдарламасына шағын футбол, волейбол, шахмат, үстелтеннисі, тоғызқұмалақ, қазақ күресі енді. Солтүстік Қазақстан облысынан жарысқа Петропавлдан және аудандардан 30-ға жуық спортшы қатысты. Бұл спартакиадада солтүстіктіктер жақсы нәтижеге қол жеткізді. Үстел теннисінен жеке есепте Елена Мазуренко 2-ші орынды иеленді, бұған қоса біздің құрама жалпыкомандалық есепте 2-ші орынды иеленді.
-Солтүстік Қазақстан палуандары Есенғали Сауленбеков (74 кг) және Айдар Қалижанов (+90 кг) қазақ күресінде күміс медаль жеңіп алды, ал біздің құрама жалпыкомандалық есепте 3 – ші орынды иеленді.Ең жақсы нәтиже волейболшыларға тиесілі. Осы спорт түрінен біздің команда бірінші орынды иеленді. Ал барлық жеті түрдің қорытындысы бойынша СҚО командасы спартакиадада алтыншы орынға ие болды, — деді СҚО спорт және дене шынықтыру басқармасының баспасөз хатшысы Марат Шынтеміров.
Фото: ашық дереккөздерден.