СҚО-да экологиялық сенбілік өтіп, 306 тонна қоқыс жиналды

Авторы: Сағындық МАУҒАЗИН

  Солтүстік Қазақстан облысында экологиялық сенбілік өтіп, екі мыңнан астам адам 306 тонна қоқысты жиналы, деп хабарлайды  Qyzyljarnews.kz тілшісі.

СҚО бойынша экология департаментінің мәліметінше, сенбілік «World cleanup day 2022» халықаралық дәстүрлі акциясы аясында өтті. Оған жыл сайын 180 астам ел, кемінде 18 млн адам қатысады. СҚО-да іс-шара / «Birge Taza Qazaqstan» атауымен ұйымдастырылды. Оған департаменттің мамандары, аймақтың атқарушы органдардың, кәсіпорындардың өкілдері, экобелсенділер қатысты.

-Жыл сайын осы акциядан шет қалмаймыз. Бұл өте керек іс-шара. Биыл Петропавлда экосенбілік барысында 5 аумақты қамтыдық. Олардың ішінде Пестрое көлінің жағалауы, орталық саябақ және «Жеңіс» саябағы бар. Аудандар да бұл жұмыстан шет қалмады. Мақсатымыз — қыстың алдында жағалауларды, саябақтар мен скверлерді қоқыстан тазарту. Жиналған қоқысты сұрыптап, қайта өңдеуге жөнелтеміз, — дейді СҚО бойынша экология департаментінің басшысы Азамат Бектасов.

Бұл жолы сенбілікке 2 мыңнан астам адам қатысты. Нәтижелі жұмыс істеуге ауа райы да қолайлы болды. Іс-шара барысында 306 тонна қоқыс жиналды. Оның ішінде 26,2 тонна шыны, 15,8 тонна пластик, 14,55 тонна резеңке, 18,95 тонна қағаз, 44,5 тонна металл. Қайта өңделетін қалдықтар кәсіпорынға қайта өңдеуге жіберілді.

Фото: ашық дереккөздерден.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —  

Жарасбай Сүлейменов

Сайттың бас редакторы  —

Сағындық Мауғазин

+77752847188, srakhymzhan@internet.ru

Тілшілер:

Мадина Нуркина, +77057396494,  Nurkinamad@mail.ru

Алтынай Қазиқан, +77058316306, altynkazikanova@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz