«Алматы — Петропавл» жолаушылар пойызында вагондардың бірі өртенді

Авторы: Qyzyljar News

«Алматы — Петропавл» жолаушылар пойызында вагондардың бірі өртенді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

21 қыркүйек күні таңертең № 105 «Алматы-Петропавл» жолаушылар пойызының вагоны өртенді. Жергілікті уақыт бойынша сағат 04: 27-де өрт салдарынан құрам «Қарағанды-Астана» учаскесінде шұғыл аялдама жасады. Ресми ақпарат бойынша, өртке техникалық вагондағы ақау себеп болған.184 жолаушы мен пойыз бригадасы мүшелерінің арасында қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

– Сағат 04: 27-де Осакаров ауданында «Мырза-Шоқай» теміржол өткелінде өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті. Артқы вагонның дизель бөлігіндегі өрттің салдарынан №105 жолаушылар пойызы тоқтатылды. Пластикалық қаптама, электр жабдықтары және техникалық вагонның электр сымдары жанып кетті. Өрт таңғы 07:08-де сөндірілді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнына ТЖД күштері — 30 қызметкер мен 12 техника шықты, — деп нақтылады Қарағанды облысының ТЖД-де.

Ақауы бар техникалық вагон Астанаға жеткізіліп, оның орнына техника тажкасына құрамның барлық вагондары техникалық тексеруден өтеді. ҚТЖ-да өрттің шығу себептерін тексеру үшін комиссия құрылды.

Фото: Қарағанды облысының ТЖД баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz