СҚО-да жыл басынан полицейлерге қарсылық көрсетудің 13 фактісі тіркелді

Авторы: Qyzyljar News

СҚО-да жыл басынан полицейлерге  күш қолданудың 13 фактісі тіркелді, деп хабарлайды   Qyzyljarnews.kz  тілшісі.

Билік өкіліне  қол көтеру  – ауыр қылмыс, ол үшін қатаң жауапкершілік қарастырылған. Тәжірибе көрсеткендей, мұндай жағдайлардың басым көпшілігі көбінесе полиция құқық бұзушылардың мас күйіндегі әрекеттерін тоқтатып, оларды медициналық куәландыруға жеткізген кезде жасалады. Ішімдікті асыра сілтеген адамның мұндай істерінің    салдары ауыр жәйттерге апарып соғуы мүмкін. Мысалы, маусым айында Петропавл полицейлері ерлі-зайыптыларды тыныштандыру үшін кісен салуға  мәжбүр болды. Оқиға сағат 07:00 шамасында, қалалық дәмханалардың бірінің жанында болған. Әбден мас болған ер адам  медициналық куәландырудан өту туралы заңды талапты орындаудан бас тартты, ал әйелі полиция қызметкерінің білегінен тістеп алған.

-Екеуіне де қол кісен салуға тура келді.  Нәтижесінде 38 жастағы қала тұрғыны сотталды. Сот оның қылмыстық жауапкершілікке алғаш рет тартылып отырғанын ескеріп, 1 жылға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады және осы мерзімге пробациялық бақылау орнатты. Қазақстан Республикасы  Қылмыстық кодексінің 380-бабына сәйкес, билік өкілдеріне   күш қолданса 4 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазалануы мүмкін екенін есте ұстаған жөн,  — дейді СҚО ПД тергеу басқармасының бастығы   Қайрат Қасымбеков

Фото: ашық дереккөздерден.

 

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

 

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz