СҚО-да жыл басынан бері 33 адам өрттен қаза тапты

Авторы: Qyzyljar News

Солтүстік Қазақстан облысында биыл өрттен келген материалдық шығынның көлемі былтырғымен салыстырғанда 73 % артып, 325 млн. теңгеге жетті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

СҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, облыс аумағында биыл 486 өрт тіркелген, бұл былтырғыдан 6%-ға аз. Былтыр 37 адамның ажалы өрттен болса, биыл 33 адам қаза тапты. Жарақат алғандардың саны да шамамен екі есе азайған, 15 адам емделіп, сауығып шықты. Ал шығын мөлшері керісінше 73 % -ға артып, 325 млн. теңгені құрады.

– Өрттің 75%-ы жеке секторда болған. Басты себептері электр құралдарын орнату және пайдалануда ережені сақтамау. Пешті дұрыс қолданбау және отты қолданудағы салақтық. Өрттің алдын алу үшін маусым айынан бастап тұрмысы төмен отбасылардың 967-сіне дабыл тетіктері қойылды, ол түтін не улы газ шыққанда хабар береді. Жақында тағы 450-ден астамы орнатылады, — дейді СҚО ТЖД мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Аслан Ахметжанов.

Қазір облыс аумағында өрт қауіпсіздігі айлығы жүріп жатыр. Мамандар әеуметтік осал топқа жататын 44,5 мыңға жуық баспананы есепке алған, бұл үйлерде 12,5 мың адам тұрады. Бірінші кезекте осы тұрғындармен профилактикалық жұмыстар жүргізіліп, үйлеріндегі пештердің, электр қондырғыларының жағдайы тексерілді. Бұл жұмысқа қызметтің 600-ден астам маманы тартылған.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz