СҚО-да биыл 5 адам суға батты

Авторы: Qyzyljar News

Солтүстік Қазақстан облысының құтқару қызметі суға шомылу маусымын қорытындылады. Осы аралықта 23 адам құтқарылса, 5 адамның, соның ішінде бір баланың ажалы судан болды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Өңірде суға шомылу маусымы 1 маусым басталып, 31 тамыз ресми аяқталды. СҚО төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, осы аралықта құтқарушылар 4 рет сүңгуірлер суға кеткендерді іздесе, 23 рет батқан адамдарды құтқарған. 2 мыңнан астам рейд өткізді. Нәтижесінде 23 адам, соның ішінде 3 баланың өміріне араша түсті.

– Судағы оқыс оқиғалардың алдын алу мақсатында тиісті жұмыстар жүргізілгенімен, адам өлімімен аяқталған жағдайлар тіркелді. Олардың барлығы суда шомылуға рұқсат етілмеген жерлерде болған. Есіл ауданында бір адам су айдынына құлап қаза тапты, Қызылжар ауданында бір бала, Петропавлда және Ғ.Мүсірепов атындағы ауданда бір-бір адамнан шомылу кезінде суға кеткен. Қызылжар ауданында бір адам суға кеткен адамды құтқарамын деп, өзі қаза тапты, — дейді СҚО ТЖД бастығының орынбасары Мұрат Қанғожинов.

Маманның айтуынша, суға шомылу маусымы аяқталғанымен су айдындарына жылдың қай мезгілінде болмасын демалуға баратындар және балық аулауға шығатындар көп. Демалыстың арты қайғылы аяқталмауы үшін қарапайым қауіпсіздік ережелерін ұмытпаған жөн. Яғни құтқару кеудешесін киіп, қайықтың бүтіндігіне көз жеткізіп суға түсу керек. Соңғы бес жылда СҚО-да балық аулау кезінде 15 адам суға кеткен.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz