СҚО-да отыздан астам қой химикаттан уланып өлді

Авторы: Qyzyljar News

Солтүстік Қазақстан облысындағы Кривощеков елді мекенінде 34 қой өліп қалды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желіде әр жерде теңкиіп-теңкиіп жатқан қойдың өлекселері түсірілген видео тарады. Арам өлген малды адамдар ауыл шетінен жинап, техникаға тиеген. Оқиға Шал ақын ауданы Кривощеков ауылында болған. Жергілікті шаруашылықтың аумағына кіріп кеткен қой төгіліп жатқан улы химикаттарды ішіп қойған.

Ауыл тұрғындарының айтуынша, бұған ұқсас жағдай бұрын да болған. Ол жолы жерді өңдеуге арналған химиялық зат қойма аумағында төгіліп, бар өсімдік күйіп кеткен. Улы химикаттар сақталатын үлкен ыдыстар Новопокровка ауылында да бар. Сондықтан тұрғындар мұндай оқиға әлі де қайталануы мүмкін деп қорқады. Улы зат құйылған ыдыс көлден 100 метрдей жерде ғана орналасқан екен.Осы оқиғаға байланысты Шал ақын ауданы әкімінің орынбасары Арман Дүйсенбинов түсініктеме берді.

– Кривощеков ауылында ірі ЖШС бар. Олар қой өсірумен де айналысады. Қырылып қалған осы шаруашылықтың малы. Қараусыз жүрген қойлар МТМ аумағына кіріп кеткен. Салдарынан 34 бас өлді. Ауыл тұрғындары жапа шеккен жоқ, — деді Арман Дүйсенбинов.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz