Өңір тұрғындары тұйықтан отын жеткізу құнының күрт өсуіне шағымданды. Бұл жағдайға Құмар Ақсақалов жағдайдың бақылауда екенін жеткізді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
— Жақын маңдағы аудандардың тұрғындарын көмірмен қамтамасыз ететін автокөліктердің тізімі анықталды. Барлық деңгейдегі әкімдіктер көмір құны қанша болуы керегін нақтылады. Бүгінгі күнге дейін жеткізу бағасын көтеру фактілері анықталды, — деді облыс әкімі.
Облыс әкімінің орынбасары Сәтжан Аблалиевтың айтуынша, бүгінгі таңда баға 10-15 мың теңгенің маңайында. Ал тұйықта машиналар әкімдіктер берген тізімдер бойынша тиелетін болады.
— Министрлікпен көмір күн сайын келетін болады деген келісім бар. Тұйықтардың көлемі шектеулі. Өткен жылдардағыдай дүрбелең болуы мүмкін. Облыста көмірдің қажеттілігі — 419 мың тоннаны құраса, бүгінде оның 192 мың тоннасы дайындалды, — деді Құмар Ақсақалов.
Облыс әкімінің айтуынша, өңірдегі екі өткізу пункті арқылы Ресейге бес мың тоннаға жуық отын шығарылған. Осындай жағдайлардың 240-тан астам фактісі тіркелген.