СҚО-да қызамықпен ауырғандар саны 14 есе артты

Авторы: Әділет БАҒЛАНҰЛЫ

Солтүстік Қазақстан облысында 24 түрлі инфекциялық және паразиттік аурулармен ауыру жағдайлары артқан. Соның ішінде қызамықпен ауыру бірден 14 есеге өскен, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Солтүстік Қазақстан облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда жыл басынан бері 24 инфекциялық және паразиттік аурулар бойынша өсім бар. Соның ішінде қызамықпен ауыру күрт артып, 14 есе көп тіркелген. Ал, желшешекпен ауыру 3 есе, риккетсиозды жұқтыру 2,2 есе, туберкулезбен ауыру 27,6 %, энтеробиозбен 14,6 % артқан. Бұдан басқа тұмаумен ауыру 27 адамға артса, жіті вирустық сары аурумен ауыру былтырғымен салыстырғанда 9 жағдайға көп.

– Жылдың 8 айында инфекциялық және паразиттік 54 ауру бойынша бір де бір жағдай тіркелмеді. Ал 21 ауру бойынша ауырғандар саны кеміген. Мәселен, педикулезді жұқтыру 47,7 %, жіті вирустық респираторлық инфекциялармен ауыру 24,3 %, коронавирусты жұқтыру 18 %, ішек инфекцияларымен ауыру 10,5 %, кене вирустық энцефалиті 5 жағдайға және лямблиозбен ауыру 3 жағдайға кеміген, — дейді СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Әсет Жұматаев.

Коронавирус инфекциясы бойынша жағдай өңірде тұрақты. Шілде-тамыз айындағы жағдаймен салыстырғанда вирусты жұқтыру бірнеше есе азайған. Мәселен, соңғы екі аптада СҚО-да 139 адам КВИ жұқтырса, бұл оның алдындағы екі аптамен салыстырғанда 2,3 есеге төмен.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —  

Жарасбай Сүлейменов

Сайттың бас редакторы  —

Сағындық Мауғазин

+77752847188, srakhymzhan@internet.ru

Тілшілер:

Мадина Нуркина, +77057396494,  Nurkinamad@mail.ru

Алтынай Қазиқан, +77058316306, altynkazikanova@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz