Петропавл қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 21 қыркүйектегі № 1109 қаулысына сәйкес биыл 24 қыркүйекте жылыту маусымы басталады. Қала нысандарын жылумен жабдықтауға қосу жүйелі түрде жүргізіледі, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Бірінші кезекте жылуға әлеуметтік маңызы бар нысандар, соның ішінде: мектептер, балабақшалар, ауруханалар мен емханалар қосылады. Қоғамдық нысандардан кейін жылу қала тұрғындарының пәтерлерінде пайда болады.
Петропавл тұрғындарына қолайлы жағдай жасау үшін жылу беру сыртқы ауаға сәйкес жүргізіледі. Орындалуын бақылау қала әкімінің осы салаға жетекшілік ететін орынбасарына жүктелді.