Мамандандырылған ХҚО-ның жұмыс жүктемесінің көптігіне байланысты «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының жұмыс кестесін өзгерту туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
-Біз Петропавл қаласының мамандандырылған ХҚКО Мұнай құбыры, 7 мекенжайы бойынша сенбі күні де жұмыс істейтінін хабарлаймыз. Кезекке «Мобильді ХҚО» қосымшасы, eGov mobile, EgovKzBot2.0 Телеграм-бот, eGov және 1414 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алдын-ала тұруға болады. Мемлекеттік қызметтерді EGOV порталы, eGov mobile мобильді қосымшалары және екінші деңгейдегі банктер арқылы онлайн алуға болады, — делінген «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ СҚО бойынша филиалының баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Еске сала кетейік, МХҚО-лар мемлекеттік қызметтер бойынша өтініштерді сенбі күндері жергілікті уақыт бойынша 9.00-ден 13.00-ге дейін қабылдайды, құжаттар 09-00-ден 15-00-ге дейін табысталады.