СҚО-да биыл ит қапқан 900-ден астам адам медициналық көмекке жүгінуге мәжбүр болған

Авторы: Qyzyljar News

Солтүстік Қазақстан облысында соңғы 24 жылда адамдарда құтырма ауруы тіркелген жоқ. Алайда жыл басталғалы жануарлар қапқан 907 адам дәрігердің көмегіне жүгінуге мәжбүр болды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

28 қыркүйек — Дүниежүзілік құтырмаға қарсы күрес күні. Жұқпалы аурулардың ішінде құтырма немесе гидрофобия аса қауіпті, егер алғашқы сағаттарда жұқтырған адамға қажетті көмек көрсетілмесе қайтыс болады.

– СҚО-да эпизоотиялық белсенділік қысқы-көктемгі кезеңде артады, әдетте қауіпті вирус жабайы жануарлар елді мекендерге кіргенде тарайды, олар ит-мысыққа, малға жұқтырады. Одан құтырманы адамдардың жұқтыру қаупі артады. Өңірде тиісті профилактикалық жұмыстың арқасында 1998 жылдан бері адамдардың құтырмамен ауруы тіркелген жоқ. Десек те биыл жануарлар қапқан 907 адам медициналық көмекке жүгінді. Облыс бойынша халықтың антирабиялық көмекке жүгінуі 14,1 % төмендегені байқалады, — дейді СҚО санитариялық- эпидемиологиялық бақылау департаментінің аса қауіпті инфекцияларды және туберкулезді эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің басшысы Юлия Гайсина.

Елді мекендерде құтырма белгілері бар жабайы жануарлар пайда болған жағдайда олардың үй жануарларына жақындауына жол бермей, инфекцияның таралуының алдын алу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыратын ветеринариялық маманға тұрғылықты жері бойынша дереу хабарлау қажет.

– Егер де жануар қапса, біріншіден, ол жерді дереу сабынмен жуу керек. 10 минут бойы жуған жөн. Терең жараларды сұйық сабынды суды шприцпен енгізу арқылы жуу керек. Жара орнын күйдірудің қажеті жоқ. Осыдан кейін дереу жақын маңдағы медициналық пунктке дәрігерлік көмекке жүгінуіңіз керек. Емханада профилактикалық егу курсы тегін жүргізіледі. Құтырмамен күрестің ең тиімді жолы – екпе алу. Иммундау кезеңінде ақуыздар мен дәрумендерге бай күшейтілген тамақтану ұсынылады, суыққа тоңудан, дене қызуынан, шаршаудан, сонымен қатар алкогольді ішімдіктерден аулақ болу керек, — дейді дәрігер.

Юлия Гайсинаның айтуынша, құтырманы емдейтін дәрі жоқ, бірақ вакцинаны енгізу арқылы оны болдырмауға болады.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

 

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz